Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгі ережелеріне» сәйкес «Х.Досмұхамедұлы атындағы №35 орта мектебі» КММ 2026-2027 оқу жылында Қамқоршылық кеңесінің  құрамын қайта сайлау бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды.

«Х.Досмұхамедұлы атындағы №35 орта мектебі» КММ қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткерлердің ұсыныстарын қабылдау  Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, 11 шағын аудан 145 үй мекен-жайы бойынша жүргізіледі. Электронды мекен-жайы: mektep-35@yandex.kz байланыс телефоны: 46-78-95

Қамқоршылық кеңес – заңды және жеке тұлғалардан білім беру мекеме шотына түскен қайырымдылық жарналарына қоғамдық бақылау жүргізетін орган.

Қамқоршылық кеңестің мақсаты:

  • Білім беру ұйымының жарғы қызметтерін іске асыруына көмек беру;
  • Білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымының педагогика ұжымы және оқушылар үшін қажетті жағдай жасау;
  • Білім беру ұйымының материалды-техникалық базасын нығайту, қаржылай қамтамасыз ету;
  • Білім беру ұйымының әрі қарай дамуы үшін жәрдем ету.

 

Қамқоршылық кеңесінің негізгі бағыттары

  • Әлеуметтік -мәдени және сауықтыру шараларын өткізуде білім беру ұйымына көмек көрсету;
  • Тәрбие және білім саласындағы халықаралық қатынасты орнатуға және дамытуға жәрдемдесу;
  • Халықтың осал топтарынан шыққан оқушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға көмектесу;
  • Білім беру ұйым жұмысындағы кемшіліктерін жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу.

 

Қамқоршылық кеңестің міндеттері

  • Білім беру үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге жәрдем көрсету;
  • Білім беру ұйымына педагогика қызметкерлерінің және оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға жәрдем ету;
  • Білім беру мекемесіне педагогика және басқа да қызметкерлердің еңбек жағдайын ұйымдастыруға және жақсартуға көмек көрсету;
  • Білім беру мекемесіне мәдени-сауықтыру, туристік-экскурсиялық және спорттық-көпшілік шараларын ұйымдастыруға көмектесу,
  • Білім беру мекемесіне материалды-техникалық базасын жетілдіруге жәрдемдесу;

(абаттандыру және жарықтандыру т.с.с);

  • Білім беру мекемесін дамыту және білім үдерісінің аса тиімділігін қамтамасыз ету үшін бюджеттен тыс қаржы алу;
  • Білім беру мекеме оқушыларының, тәрбиеленушілерінің және қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмек көрсету.

 

Қамқоршылық кеңесінің құрамына мүше болғыңыз келсе, төмендегі өтінішті толтыруыңыз сұралады.