Мектебіміздің ер азаматтары кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүріс-тұрысын қадағалау мақсатында түнгі рейдке шықты. Рейд барысында қоғамдық орындар мен көше бойлары тексеріліп, жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен тәртібі назарда болды.
Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың түнгі уақытта себепсіз көшеде жүрмеуін бақылау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу.

