🏫Мектебіміздің жанашыр ата-аналары, мұғалімдері бұл шараны қолдап, ауызбіршілік таныту арқылы қаржылай және материалдық көмек жинақталды. Сонымен қатар,«Еуразиялық банк» АҚ @eurasianbank оқу құралдарымен толтырылған мектеп сөмкелермен материалдық көмек көрсетті.
✨«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бойынша аз қамтылған, көп балалары бар жанұяларға мектептің атынан ордамыздың білім алушыларына көмек көрсетілді.
Бұл іс-шара арқылы аз қамтылған, көп балалы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушыларға оқу жылының басына дайындық кезеңінде материалдық көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу көзделген.
✅Мектеп әкімшілігі атынан акцияға атсалысқан барша ерікті демеушілерімізге алғысымызды білдіреміз!
«Жақсылық жасау арқылы — ізгілік нұрын шашайық!»❤️
