Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Қазан айында *»Дәрумендер шеруі»* атты 5-7 сынып оқушыларының қолөнер туындыларынан көрме ұйымдастырылды.
🍅Көрменің мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, пайдалы тағамдарды насихаттау және дәруменге бай көкөніс пен жемістің адам денсаулығындағы маңызын түсіндіру.
🥑Іс-шара барысында оқушылар көкөніс пен жемістерден түрлі композициялар, мүсіндер, әртүрлі жануарлар мен ертегі кейіпкерлерін дайындады. Әр сыныптың туындысы өзіндік ерекше оймен және әсем безендіруімен көзге түсті. Көрмеге оқушылар қызығушылығын танытып, жас шеберлердің еңбегін жоғары бағалады.