Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2025 жылдың 13 қазаны күні мектебімізде «Ерекше балаларға ерекше көңіл» тақырыбында үйден оқытылатын ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға арналған акция өткізілді.
Акцияның мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік және тәрбиелік қолдау көрсету.

Акцияны ұйымдастырып өткізген педагогикалық психологиялық қызмет (ППҚҚ) көрсететін мектеп мамандары: Ж.М.Ниязова — логопед–дефектолог, Ж.С.Мұқатова — әлеуметтік-педагог, А.Е.Басагарина — педагог-психолог, Б.Н.Райымбекова — педагог-психолог.
Үйден оқытылатын білім алушылардың тұрмыстық және оқу жағдайларымен танысып, және әнгімелесіп кеңес берілді.

Іс-шара аясында ата — аналарды педагогикалық психологиялық қолдау жұмыс жоспарымен таныстырып, ата-аналарға, балаларға көрсетілетін қолдау түрлері мен тәрбие іс-шаралар туралы ақпарат берілді.
Ниязова Жанар Муханбетовна логопедиялық түзету және дамытуға арналған әр түрлі ойындар мен жаттығулардан жинақталған буклет пен бағдарлама жинақтарын таратып берді.
Ата-аналардың әр түрлі сұрақтарына мамандар жауап берді.
Үйден оқытылатын оқушыларға сыйлықтар беріліп, акция өте жылы сезімде және жақсы деңгейде өтті .