Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Бұл жиналыстың мақсаты — жасөспірімдердің құқықтарын түсіну және әлеуметтік мәселелерге қатысты ата-аналарға көмек көрсету. Жиналыс барысында мектеп психологтары мен социологы қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, ата-аналарға бала тәрбиесіндегі қиындықтар мен қауіпті жағдайлар туралы ақпарат берді.
Ата-аналарға жасөспірімдердің психологиялық және әлеуметтік жағдайын дұрыс түсініп, олардың өзара қарым-қатынасын жақсартудың маңыздылығын атап өтті. Олар ерте жүктіліктің алдын алу, балалар мен ата-аналар арасындағы сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ, мектептегі тәртіп пен оқушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңестер берді.

@aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы